Accessibility links

Сот Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыны алты жылға бостандығынан айырды


Қазақстанның бұрынғы президенті Қайрат Сатыбалды (сол жақта) адвокатымен бірге сотта отыр. Астана, 20 қыркүйек 2022 жыл
Қазақстанның бұрынғы президенті Қайрат Сатыбалды (сол жақта) адвокатымен бірге сотта отыр. Астана, 20 қыркүйек 2022 жыл

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды сот үкімімен алты жылға бас бостандығынан айырылды. Ол белгіленген жаза мерзімін қауіпсіздігі орта дейгейдегі колонияда өтейді.

26 қыркүйекте Астана қаласының соты Қайрат Сатыбалдыны "Қазақтелеком" мен "КСО" компанияларының аса ірі көлемдегі қаржысын жымқырды деген айыппен соттады. Оның үстінен "алдау жолымен мүліктік залал келтірді", "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салды" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Сот үкімі бойынша Қайрат Сатыбалды жазасын өтеген соң 10 жыл бойы жоғары лауазымдағы қызмет атқара алмайды.

Бұған дейін прокурор Жангелді Есебаев Қайрат Сатыбалдыны алты жылға бас бостандығынан айыруды және "Құрмет", "Парасат" ордендерінен айыруды сұраған.

Прокурор жазаны Қайрат Сатыбалды қамауға алынған күннен, яғни 13 наурыздан бастап есептеп, қамаудағы әр күнін 1,5 тәулікке жатқызуды сұраған. Сот прокурор сұранысын қанағаттандырып, одан өзге Қайрат Сатыбалдыны ұлттық қауіпсіздік комитетінің генералы шенінен де айырды.

Қайрат Сатыбалды процестік келісімге келгенін, прокурор сұраған жазамен келісетінін мәлімдеген.

Бұған дейінгі сот отырыстарында жәбірленуші тараптың бірі "Көлік сервисі орталығы" компаниясы Қайрат Сатыбалдымен келісімге келген. Қайрат Сатыбалдының КСО-ға келтірген 28 миллиард теңге, "Қазақтелеком" компаниясына келтірген 12 миллиард теңге залалын өтегені хабарланған.

Қайрат Сатыбалды сотында Самат Әбіш те жүр
please wait

No media source currently available

0:00 0:15:13 0:00

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды наурызда қамауға алынған еді. Оның үстінен "алдау жолымен мүліктік залал келтірді", "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салды" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Бұдан бөлек Сатыбалды "салықтан және кеден төлемдерінен жалтарды", "қылмыстық жолмен тапқан табысын заңдастырды" деген күдікпен де тергеліп жатыр. Ол Forbes Kazakhstan есебі бойынша Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендердің тізіміне кірген. Оның әйелі Гүлмира Сатыбалды да "бизнесті рейдерлік жолмен тартып алды" деген айыппен қамауға алынған.

Сарапшылар Қаңтар оқиғасынан соң экс-президент туыстарының қамауға алынып, отбасы мүшелерінің жоғары лауазымдардан шеттетілгенін бұрынғы кланның әлсірегені ретінде бағалайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG