Accessibility links

Зеленский: Украина НАТО-ға кіруге ресми түрде өтініш береді


Украина президенті Владимир Зеленский.
Украина президенті Владимир Зеленский.

Украина президенті Владимир Зеленский 30 қыркүйектегі мәлімдемесінде Украина НАТО-ға мүше болуға ресми түрде өтініш береді деді.

- Де-факто НАТО-ға апарар жолды жүріп өттік. Де-факто біз альянстың стандарттарымен жұмыс істей алатынымызды дәлелдедік... Бүгін Украина мұны де-юре ретінде тіркеу үшін өтініш береді. Жедел түрде, - деді Зеленский.

Украина президенті бұл мәлімдемесін Ресей президенті Владимир Путин оккупацияланған "ДХР", "ЛХР", Херсон және Запорожье облыстарының бір бөлігін Ресей аумағы деп жариялаған күні айтты.

Зеленский Украина Ресеймен келіссөзге дайын екенін, "бірақ Ресейдің басқа президентімен ғана" сөйлесеміз дегенді меңзеді.

30 қыркүйекте Путин өзін-өзі республика деп жариялап алған "ДХР" мен "ЛХР" және Ресей басып алған Запорожье және Херсон облысының жерлерін Ресей аумағына қосатынын мәлімдеген. Ресей бұл аумақтарды оккупациялық билік ұйымдастырған "референдум" арқылы қосып алды. Путин де "Украинамен келіссөзге дайынбыз, бірақ Херсон мен Запорожье статусы талқыланбайды" деді.

Путин 24 ақпанда Украинаға соғыс ашқанда Киев НАТО-ға кіргісі келеді дегенді желеу еткен еді. Кейін Стамбулдағы келіссөзде Украина НАТО-ға кіруден бас тартуға дайын екенін айтқан. Бірақ кейін келіссөздер тоқтап қалған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG