Accessibility links

Украина: Америка алысқа жететін зымыран берсе, онымен көздейтін нысандарды өзімен ақылдасамыз


U.S. -- ATACMS Army Tactical Missile System being launched
U.S. -- ATACMS Army Tactical Missile System being launched

Америка алысқа жететін зымыран берсе, онымен көздейтін нысандарды Украина АҚШ-пен ақылдасады. Украинаның АҚШ-қа жасаған мұндай ұсынысы туралы дүйсенбіде CNN АҚШ үкіметіндегі аты аталмаған ресми тұлғаларға сілтеп жариялады.

Сөз бәрінен бұрын ATACMS зымырандары туралы болып отыр. Ол зымырандарды қазірдің өзінде Украина пайдаланып жүрген HIMARS зымыран кешенімен атуға болады. Украина HIMARS-пен әзірге 70 шақырымға дейін жететін зымырандарды пайдаланып жүр. Ал басқарылатын ATACMS 300 шақырымға дейін жетеді.

Украина АҚШ мұндай зымыран берсе, оны Ресей аумағындағы нысандарды атуға пайдаланбайтынын әлденеше рет айтқан. Бірақ ол нысандарға Ресей аннексиялаған жерлер кіре ме, жоқ па, онысын айтпаған. Енді CNN мәліметіне қарағанда, Киев алысқа жететін зымыранның Қырым секілді аннексияланған жерлердегі оқ-дәрі, қару-жарақ қоймасын жою үшін керек екенін айтып отыр.

АҚШ-тың қаупін сейілту үшін Ресейдегі мұндай нүктелерге жасалатын соққыларды Украина әскері Америкамен келісуге дайын отыр.

АҚШ қауіпсіздік кеңесінің ресми өкілі Джон Кирби CNN-ге берген сұқбатында мұндай гиптетикалық жағдай жөнінде пікір айтып, мәселені спекуляцияға айналдырғысы келмейтінін айтқан.

Украина өзінің Ресей аннексиялаған төрт облысындағы нысандарды атқылағанын Ақ үй қолдай ма деген сұраққа Кирби мұндай шабуыл Ресейге жасалған шабуылмен тең деп бағаланатынын" айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG