Сәрсенбі күні Алматыда Ресей консулдығы алдындағы ұстаулардан кейін үш белсенді наразылық акциясын Пушкин ескерткіші маңында өткізді. 12-14 қазанға белгіленген Путиннің Астанаға сапары қарсаңында олар Ресей басшысын елге кіргізуге қарсылық білдірді.
– Біз бүгін өзіміздің шағын постерлерімізбен акцияға шықтық. Украинадағы әскери Ресейге наразылық. Бұған қоса, Путиннің Астанаға келуіне қарсылық танытып отырмыз. Бұл тұрғыда жалпы Қазақстанның мемлекеттік позициясына қарсымыз. Себебі біз екіжүзділікке куә болдық. Бастапқыда Тоқаев "ЛХР" мен "ДХР"-ды мойындамаймыз дейді. Бірақ неге біз жоқ жерден соғыс ашып, бейбіт халықты, оның ішінде әйелдер мен балаларды зымыранмен атқылап жатқан адамды қабылдауға керекпіз? - деді "Феминита" бастама тобының белсендісі Жанар Секербаева.
Бұл акция Ресейдің Алматыдағы консулдығы маңында полиция Путиннің сапарына қарсылық білдірмек болған белсенділерді ұстап әкеткеннен кейін шамамен екі сағаттан кейін өтті. Белсенділердің қолында "Украинаны бомбалауды тоқтат", "Қазақ еліне +1 қанішер", "ПуШалкет!", "#Кебінки", "#Атауіш" деген жазу бар плакаттар болды.
- Қазақстанның жеріне Путин деген қанішердің келуіне қарсымыз. Оны сайлау алдында қабылдап жатқанын тіпті түсінбейміз. Не үшін оны қабылдап, сыйлап, ақша шашамыз? Біздің оған тілейтініміз бір ғана нәрсе – атауын ішіп, кебін киюін ғана күтіп жүрміз. Менің ойымша, Қазақстанның көптеген азаматтарының тілеуі - Украинаның жеңісі және Ресейдің жеңілісі, Путиннің тезірек о дүниеге аттануы, - деді құқық қорғаушы Гүлзада Сержан.
Сәрсенбі күні бірнеше сағат бұрын полиция Ресейдің Алматыдағы консулдығы алдында Путиннің келуіне наразылық білдірмек болған төрт белсендіні ұстап әкеткен еді. Консулдық маңызда қауіпсіздік күшейіп, полиция ары-беті өткендерді қатаң қадағалады.
Ресей президенті Владимир Путин 12-14 қазан күндері Астанаға келеді. Осыған байланысты әлеуметтік желіде қарсылық күшейген. Құқық қорғаушылар, саясаттанушылар мен қарапайым азаматтар Украинаға соғыс ашқан Путиннің Қазақстанға сапарына тосқауыл қоюды талап еткен. Ал билік Путин сапарының маңыздылығын алға тартқан.
ПІКІРЛЕР