Accessibility links

Қаңтар туралы ақпарат таратқан журналист 15 күнге қамалды. Оның үйіне полиция келген


Белсенді Думан Мұхамедкәрім Іле аудандық полиция басқармасының алдында тұр. Алматы облысы, 12 қазан 2022 жыл.
Белсенді Думан Мұхамедкәрім Іле аудандық полиция басқармасының алдында тұр. Алматы облысы, 12 қазан 2022 жыл.

12 қазан кешке Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты журналист Думан Мұхаммедкәрімді 15 тәулікке әкімшіллік қамауға алу туралы қаулы шығарды. Сот оны "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" (488 баптың 7-тармағы) деп айыптаған. Адвокаты бұл қаулыға шағым түсіретінін айтты.

– Біз әрине қаулымен келіспеймін, шағым түсіреміз. Сотта "заңсыз шеруге шақырды" деді, дегенмен заңда шақыру деген жоқ, "ұйымдастыру және митинге дайындық" деген ұғым бар. Мен сотта "ұйымдастыру" дегеніңіз алдын ала бір іс-әрекеттерді жасау екенін, мәселен, оған қатысатын белсенділер тізімін жасау, қаржыландыру секілді әрекеттер. Ал Думанның "митинг болады" деуі жәй ғана ұсыныс және ол әрі іске аспаған шара еді, митинг ұйымдастырғысы келсе де өтініш түсіретін уақыты болған еді. Оның сөздері жоспар ғана, сол үшін айыпты деп таныды, - дейді адвокат Ғалым Нұрпейісов.

49 жастағы журналист Думан Мұхаммедкәрімге полиция сәрсенбі күні таңертең келген. Сол кезде журналист Азаттыққа үйінің жағында полиция қаптап тұрғанын, қазақ тілінде толтырылған шақыртуды талап еткенін айтқан.

Журналист таратқан видеода үйінің маңында төрт жеңіл көлік тұрғанын көруге болады.

– Мен ешқандай заң бұзған жоқпын. Қазанның 25-і кезектен тыс сайлауға қарсы шығамыз деп, Алматыдағы орталық алаңға шығайық деп үндеу тастағам. Қоғам белсенділермен бірлесіп шешімге келдік. Бес жұмыс күні қалған кезде біз өзіміздің ескертуімізді береміз, рұқсат күтіп отырмаймыз. Ел-аймақтардан барлығын шақырғанбыз, соған бола келген болар, - деген еді журналист.

Түстен кейін ол адвокатымен Іле аудандық полиция бөлімшесіне шақыртумен келген. Сот кешкі сегізде аяқталды.

"ND" Youtube-арнасының авторы өткен аптада кезектен тыс сайлауға қарсы екенін, өзі секілді қарсылар жиналып, "мұны билікке жеткізейік, сол үшін Алматыдағы орталық алаңға жиналайық" деген үндеу жариялаған. Осы үндеуін сәрсенбі күні сот заңсыз деп таныды. Биыл қаңтар оқиғасы кезінде халыққа ақпарат таратып, дүрбелеңге қатысты азаматтардың соты мен белсенділерді жиынына күн сайын материал беріп келеді. Арнаға 130 мыңға жуық адам жазылған.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген. Бұған дейін кейбір белсенділер мен саясаткерлер "сайлау туралы заң азаматтардың конституциялық құқықтарын шектейтінін" алға тартып, сайлауға қарсы шыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG