Accessibility links

Илон Маск Украинадағы Starlink қызметін қаржыландыра беретінін мәлімдеді


Илон Маск
Илон Маск

SpaceX Украинадағы Starlink спутник байланысын қаржыландыра береді. Бұл жөнінде компания басшысы Илон Маск Твиттерде жазды.

"Starlink ақша жоғалтып жатыр, ал өзге компаниялар салық төлеушілерден миллиардтаған доллар алады. Десе де, Украина үкіметін тегін қаржыландыра береміз" деп жазды Маск.

CNN мәліметінше, қыркүйекте SpaceX компаниясы АҚШ қорғаныс министрлігіне ескерту-хат жолдап, Starlink'тің Украинадағы қызметтерін қаржыландыра алмайтынын хабарлаған. Компания Пентагоннан жобаны қаржыландыруды өтінген.

Қазан басында Маск SpaceX Украинадағы Starlink терминалдарын істету үшін 80 млн доллар қаржы жұмсағанын, жыл соңына дейін компания шығыны 100 млн долларға жететінін айтқан. Кейін Твиттерде терминалдарды істету үшін компания айына шамамен 20 млн доллар жұмсап жатқанын айтқан.

XS
SM
MD
LG