Accessibility links

Джонсон Ұлыбритания премьерлігіне қайта ұмтылмайтынын мәлімдеді


Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министр Борис Джонсон
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министр Борис Джонсон

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон жексенбінің кешінде премьер-министр постына қайта оралу үшін күреспейтінін мәлімдеді.

Джонсон өз кандидатурасын ұсыну үшін қажетті 100 депутат дауысын жинап, премьерлікке таласуға мүмкіндігі бар екенін айтқан. Сөйте тұра кандидатурасын ұсынбауға шешім қабылдаған. Өйткені жақтастарынан өзге қарсыластары да көп болғандықтан, консерваторлар партиясын біріктіре алмаудан қауіптенген.

Сарапшылар болжамына қарағанда, осыдан кейін жаңа премьер-министр Ұлыбританияның бұрынғы қаржы министрі Риши Сунак болатыны белгілі бола бастаған. Жексенбіде Сунак Консерваторлар партиясының жетекшісі лауазымына кандидатурасын ұсынатынын ресми түрде мәлімдеді. Консерваторлар партиясының жаңа жетекшісі жаңа премьер-министрі болады.

Партия жетекшісі сайлауына кандидат болу үшін қауымдар палатасының кем дегенде 100 депутатының дауысын алу керек. Палатада 357 консерватор бар, яғни кандидаттар үшеуден аспайды. Би-би-си есебіне қарағанда, жексенбінің кешіне Сунакқа 140-тан астам депутат қолдау білдірген.

Бұған дейін қауымдар палатасының жетекшісі Пенни Мордонт кандидатурасын ұсынған. Би-би-си әзірге оны 24 депутат қана қолдап отырғанын айтады.

Кандидаттар 24 қазанда толық белгілі болады. Егер 100-ден астам депутат бір ғана кандидатты қолдаса, онда сол адам партия жетекшісі болады. Егер үміткер екеу болса, соңғы шешімді консерваторлар партиясының мүшелері онлайн-дауыспен қабылдайды. Дауыс беруге 4 күн берілген, яғни 28 қазанда аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG