Accessibility links

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер үш рет талпынғанда Киевке жетті


Президент Германии Франк-Вальтер Штайнмайер
Президент Германии Франк-Вальтер Штайнмайер

25 қазанда таңертең Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер алдын ала жарияланбаған сапармен Киевке келді. Бұл жөнінде Германияның NTV телеарнасы хабарлады. Франк-Вальтер Штайнмайер Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеседі.

Штайнмайер Ресей Украинаға басып кіргелі Киевке алғаш рет сапарлап отыр. Бұл сапар екі рет кейінге қалған. Бастапқыда 12 сәуірге белгіленген. Алайда Украинаның бастамасымен сол күні-ақ сапар кейінге қалған. Германия баспасөзі "Зеленский Штайнмайерді көргісі келмеді, өйткені Штайнмайер Ресеймен тығыз байланысы үшін сынға ілінген" деп болжайды.

24 ақпанда Ресей Украинаға басып кірген соң Германия президенті саяси бағасы қате болғанын, "Солтүстік ағын - 2" газ құбыры құрылысын қолдағаны дұрыс болмағанын мойындаған.

Оның 20 қазанға белгілеген сапары да кейінге қалған. Бұл жолы Ресейдің Украина қалаларын жаппай атқылауы себеп болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG