Accessibility links

Алматы полициясы кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың қазақ тілі туралы айтқанын тексеріп жатыр


Рамиль Мухоряпов.
Рамиль Мухоряпов.

Алматы полициясы кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың қазақ тілі туралы айтқанын тексеріп жатыр. Бұл жөнінде 27 қазанда журналистердің сұрақтарына жауап берген бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев мәлімдеді.

"Қазір білуімше, Алматы полиция департаменті тексеріп жатыр. Арнайы сараптама да тағайындалған. Соның нәтижесінде баға беріледі" деді Әсет Шыңдалиев.

Бұған дейін мәжілістің бір топ депутаты бас прокурор Берік Асыловқа мәлімдеме жолдап, Мухоряповтың сөзін тексеруге үндеген. Депутаттар бас прокурор "алауыздық тудыру" (Қылмыстық кодекстің 174-бабы) бабына сәйкес "тиісті шара қолдануы тиіс" деп санайды.

Бейсенбі күні Әсет Шыңдалиев депутаттардың бұл мәлімдемесі бас прокурорға жеткенін-жетпегенін айта алмады.

Алматы полициясының баспасөз қызметі әзірге жауап бермеді.

Chocofamily Holding негізін қалаушы қазақстандық кәсіпкер Рамиль Мухоряпов жуырда елге келген ресейліктер алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанда "орыс тілін біле тұра" қазақ тілінде сөйлегендерді сынап, мұны "ұлтшылдық пен мәдениетсіздіктің белгісі" деп атаған. Кәсіпкер сөзі қоғамда қызу талқыланып, сынға ұшыраған. Елде компанияның қызметін пайдаланудан бас тарту науқаны да басталған. Кейбір қолданушылар компания сайттарының қазақша нұсқасының жоғына да назар аударған. Ізінше кәсіпкердің "кешірім сұраған" видеосы жарияланып, компания өкілдері жыл соңына дейін сервистерін қазақшалауға уәде берген.

Қарай отырыңыз: "Қазақтың наны тәтті, тілі жаман ба?" Өткір сынға қалған Мухоряпов кешірім сұрады (21 қазан 2022 жыл).

"Қазақтың наны тәтті, тілі жаман ба?" Өткір сынға қалған Мухоряпов кешірім сұрады
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:01 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG