Accessibility links

Бағдат Мусин: Қазақстандағы 7 мыңнан астам мектептің 90 пайызының интернет жылдамдығы талапқа сай емес


Қазақстанның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат МусинБағдат Мусин.
Қазақстанның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат МусинБағдат Мусин.

Қазақстандағы 7 мыңнан астам мектептің 7078-і интернет желісіне қосылған. Оның 90 пайызының интернет жылдамдығы талапқа сай келмейді. Бұл жөнінде 1 қарашада үкімет отырысында баяндама жасаған цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады.

Министрдің сөзінше, Қазақстанда интернет желісіне қосылған 7078 мектептің 5122-сі ауыл мектебі, 1956-сы қала мектебі. 15 ауыл, 5 қала мектебі интернетке қосылмаған.

– Халықаралық электрбайланыс одағының талабына сәйкес, оқушы саны 400-ден астам мектептерге интернет жылдамдығы 20 оқушыға секундына кем дегенде 1 Мб болуы тиіс. Еліміздегі мектептердің 90 пайызы, яғни 6 мыңнан астам мектеп осы талапқа сәйкес келмейді, – дейді Бағдат Мусин.

Оның сөзінше, бүгінде 664 мектеп қана талапқа сай келеді. Ал 2810 мектеп осы талапқа сәйкес келмесе де, олар орналасқан елдімекендерде талшықты-оптикалық байланыс желісі бар.

2011 жылы Қазақстанның сол кездегі премьер-министрі Кәрім Мәсімов ақпарат және байланыс министрлігіне, білім және ғылым министрлігіне және "Қазақтелеком" мен "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорына интернет жылдамдығы жөнінен АҚШ-ты басып озып, Оңтүстік Кореяға жақындау жөнінде тапсырма беріп, 2012 жылы сол үшін қажетті қаржы бөлуді тапсырған болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG