Accessibility links

Херсондағы Ресей әкімшілігі: Облыс орталығы уақытша Гениченск болады


Ресей аннексиялап алған Херсон облысының орталығы уақытша Гениченск қаласы болады. Бұл жөнінде РИА "Новости" агенттігіне Ресей үкіметі тағайындаған облыс билігінің баспасөз хатшысы Александр Фомин мәлімдеді.

"Енді Херсон облысының уақытша әкімшілік орталығы Гениченск болады. Онда биліктің негізгі органдары шоғырланған" деді Фомин.

Курортты және портты қала Гениченск Херсон облысының оңтүстігінде Азов теңізі жағалауында орналасқан. Ресей әскері оны 24 ақпанда – басқыншылықтың алғашқы күні жаулап алған.

  • 11 қарашада Ресей қорғаныс министрлігі Ресей әскерін Днепрдің солтүстік жағына алып кеткенін хабарлады. Кетер кезде олар Днепрдегі көпірді жарып кеткен. Сол күні Херсонға украин әскері кірді. Қаланың жүздеген тұрғыны оларды гүл шоқтары және украин жалауларымен жылы қарсы алды. Орталық алаңда Украина туы көтерілді.
  • 8 қарашада Херсон облысындағы Ресей әкімшілігі Херсоннан Гениченскіге қоймадағы мектеп оқулықтары әкетілгенін мәлімдеген. Қаладан сонымен бірге ресейлік және совет ескерткіштері мен князь Григорий Потемкиннің күлі көшірілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG