Accessibility links

Қаңтарда оқ тиіп қаза болған Қуаныш Қабылхановтың анасы әуежайда ұсталғанын айтып, көмек сұрады


Өскемен әуежайы.
Өскемен әуежайы.

Қаңтарда оқ тиіп қаза тапқан өскемендік Қуаныш Қабылхановтың анасы Арайлым Сағатбаеваны әуежайда кеден қызметкерлері ұстаған. Бұл туралы 16 қарашада Азаттыққа Сағатбаеваның өзі хабарлады.

- Соттың шешіміне қарсы болып Астанаға жиналғанмын. Соттан келген конвертке салынған жауаптар, киімдерімнен басқа артық ештеңе болмаған. Жаңа тексеретін жерде "сөмкеңізде күдікті бір нәрсе бар" деді. Сосын "оқ шықты" деді, оқты алды, менің қолыма ұстатты, сасқанымнан, оны алдымен далап (помада) екен деп қалдым, оны қолыма ұстатып алды да, сосын пакетке салып алды. Бұл қасақана жасаған - деді Сағатбаева.

Қазір ол әуежайдағы полиция қызметкерлермен криминалистерді күтіп отырғанын айтты. Арайлым Сағатбаева құқық қорғаушылардан көмек сұрайды.

- Баламды атқан адамды іздеймін деп сөз бергенмін, ақыры өзімді "қылмыс жасады" деп сылтау тапқан секілді. Мен қатты қорқып тұрмын, - деді Арайлым Сағатбаева.

Сәрсенбі күні Азаттық тілшісі барған кезде Арайлым Сағатбаеваны көліктегі полиция басқармасында ұстап отырғаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері "қазір тексеру органдары келеді, қажетті тексерулер жүргізіп, өздері айтады" деп түсініктеме беруден бас тартты.

Арайлым Сағатбаевтың жалғыз ұлы 25 жастағы Қуаныш Қабылқанов, Өскеменде Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп көз жұмған үш азаматтың біреуі. Анасы бұған дейін баласына оқ атқан адамды тауып, заң бойынша жауапқа тартқысы келетінін айтқан. Ол кінәлілерді табуды сұрап, жергілікті әкімдікке, Алматы мен Астана қалаларына да барып, тіпті президенттің қабылдауына да жазылған. Президент әкімшілігі "Қасым-Жомарт Тоқаев қазір желтоқсан айында жазылған адамдарды қабылдап жатыр" деп кезек күтуін сұраған. Қуаныш Қабылхановтың артында келіншегі мен бір жасар қызы қалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG