Журналист Динара Егеубаева 20 қарашаға қараған түні үйіне полиция келгенін хабарлады. Полиция қызметкерлері оның көлігіне мина қойылғаны жайлы хабарлама түскенін айтқан.
Интернетте жарияланған видеода саперлардың үйінің маңына қойылған көлікті тексеріп жатқаны байқалады.
Журналист түсініктеме жазғанын хабарлады.
Оның сөзіне қарағанда, қыркүйекте анонимді телефон қоңырауынан кейін бұрын тұрған мекенжайдағы пәтерін тексерген қызметкерлер келген.
18 қарашада журналист белгісіз біреулер көлігінің әйнек тазалағышын желімдеп, құлпысын бұзып, дөңгелегінің желін шығарып кеткенін айтқан.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Президент жеті жылға сайланады.
Алматыда жексенбі күні таңертең үйінің маңында "Тәуелсіз бақылаушылар" ұйымының бақылаушысы Қонай Әбдиев ұсталған. Оны бөлімшеде бірнеше сағат ұстап, кейін босатқан. Полиция себебін түсіндірмеді.