Accessibility links

Украинаның азат етілген жерінен 700-ден астам бейбіт адамның денесі табылған


Изюм, 2022 жылдың қыркүйек айы. Шекспир көшесіндегі зират. Ресей басқыншылығы кезінде өлтірілгендерді эксгумациялау процесі.
Изюм, 2022 жылдың қыркүйек айы. Шекспир көшесіндегі зират. Ресей басқыншылығы кезінде өлтірілгендерді эксгумациялау процесі.

Кейінгі екі айда Украина әскері азат еткен Харьков, Донецк және Херсон облыстарынан 700-ден астам адамның денесі табылған. Бұл жөнінде Украина бас прокуроры Андрей Костин мәлімдеді.

Бас прокурордың сөзінше, өлтірілгендердің 90 пайыздан астамы Украинаның бейбіт адамдары. Ресей әскері Украин азаматтарын қамап, азаптайтын 20-дан астам орын табылған. Көпшілігі Харьков облысынан шыққан. Бұл аймақ Херсон облысынан бұрын азат етілген, Херсон облысында зерттеу енді ғана басталып жатыр. Костин адамдардың неден өлгенін нақтылаған жоқ.

Кейінгі мәліметтерге қарағанда, Украинада Ресей әскерінің соғыс қылмыстары жөнінде 45 мыңнан астам қылмыстық іс қозғалған. Әзірге тұтқынға түскен 12 әскери қызметкер ғана сотқа жеткізілген.

Украина бас прокуратрасының мәліметіне қарағанда, биыл ақпанда Ресей басқыншылығы басталғалы Украинада 8300 бейбіт адам, 437 сәби өлген. Әзірге Ресей бақылауында тұрған жерде құрбан болғандардың есебін шығару мүмкін емес. Адамдардың басым бөлігі Ресейдің ракетамен алыстан атқылауынан өлген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG