Accessibility links

Астанада интернет өшіп, бір топ адам ұсталғаны хабарланды


26 қарашада Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаев инаугурациясы өткен күні кешке қалада интернет өшіп, бір топ адамның ұсталғаны хабарланды. Ұстаулардың инаугурацияға қатысы бар-жоғы белгісіз.

Әлеуметтік желіде тараған видеоларда бір топ адамның топтасып шерулетуге тырысқаны, кейін оларды полицияның ұстағаны көрінеді.

"Власть" сайтының жазуынша, оқиға бұрынғы "Мега" орналасқан ауданда кешкі жетілер шамасында болған. Басылым бұл TDFA жобасының (ауыл шаруашылығы саласындағы жоба) жақтастары болуы мүмкін деп жазды. Бұл жобаның негізін қалаушы кәсіпкер Марат Әбиев деп айтылады. Жергілікті Телеграм-арналарының хабарлауынша, олар бейбіт митинг өткізбек болған, алайда полиция жолын кескен.

Полиция бір топ адамды ұстап жатқан шақта қалада интернет шамамен бір сағатқа өшіп, қалпына келген. Мобильді интернет те істемей қалған.

Астана полициясы әзірге оқиғаға түсініктеме бермеді.

Мемлекеттік техника қызметі сенбі күні түнде Астана мен Ақмола облысында “интернет-шлюздегі электр жабдықтау құрылғысында апат болып” “телекоммуникация жабдығы істемей қалғанын” хабарлады.

“Қосымша тоқ көзіне қосу жұмыстары жүргізілді. Электр желісінің ақауы жүйенің жұмысына әсер еткен жоқ, алайда Астана мен Ақмола облысында интернет желісінде ақау болды. Қазір барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр” деп жазылған хабарламада.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG