Accessibility links

Вице-премьер Қазақстанда McDonald's франшизасының тоқтағанына Боранбаев ісінің қатысы жоқ деп санайды


Мәскеудегі McDonald's. Көрнекі сурет
Мәскеудегі McDonald's. Көрнекі сурет

"Қайрат Боранбаев қамалғандықтан Қазақстанда McDonald's франшизасының жұмысы тоқтады" дейтін күмәнді нұсқаны вице-премьер Серік Жұманғарин жоққа шығарды.

Журналистің осындай сұрағына Жұманғарин "Олай емес. Меніңше, оның елеулі әсері жоқ", - деп жауап берген.

Жұманғарин McDonald's франшизасының тоқтағанын "компания өнімерінің көпшілігі сырттан импортталатынымен" байланыстырды.

"Сол себепті қайта құрылып жатыр. Сертификация бойынша қандай көмек беруге болатынын қарастыруды техникалық реттеу комитетіне тапсырдым", - деді Жұманғарин.

Қарашаның ортасында McDonald's франшизасының Қазақстандағы операторы "жергілікті өнімдердің шектеулілігіне байланысты" жұмысын тоқтататын мәлімдеген.

Қазақстанда McDonald's франшизасының Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды қалаларында барлығы 24 рестораны бар. Компанияда барлығы 2 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

McDonald’s франшизасын 2014 жылы Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаев сатып алған. Ол биыл көктемде "квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды" деген айыппен қамауға алынған. Өткен апатада Астана соты оны қамау мерзімін 12 желтоқсанға дейін ұзартқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG