Accessibility links

Politico журналы Владимир Путинді "жолы болмаған адам" деп атады


Биылғы жылды қорытындылаған Американың беделді Politico журналы Владимир Путинді "жолы болмаған адам" (The biggest loser) деп атады.

"Путин баяғыдан бері Ресейге ұлы держава мәртебесін қайтаруға талпынып келеді. Оның [Украинаға] басқыншылығы Ресейді әлемдегі артта қалған елдер қатарына ысырды" деп жазды басылым.

Дегенмен Ресей басшысы Еуропадағы ең ықпалды 28 саясаткер қатарында қалған. Журнал рейтингісінде ол "арманшылдар" тобына енгізілген.

"Оның орнында басқа болса, шығынды мойындап, шегінер еді, бірақ Путиннің бірбеткейлігінен соғыс ұзаққа созылатын сияқты" деп жазды журнал.

"Еуропада бұл бұрынғыша тоқтаусыз инфляция, энергия тасымалдаушылар құнының шарықтауы, тыңайтқыш пен газ тапшылығы болады дегенді білдіреді. Бұл аймақ экономикасы мен саяси жүйесіне қысым жасайды. Путин арманының орындалмауы ол көршілеріне тыныш береді дегенді білдірмейді" деп жазды басылым.

Журнал Украина президенті Владимир Зеленскийді ең ықпалды еуропалық ретінде атады.

XS
SM
MD
LG