Accessibility links

Adal партиясы қызметін тоқтататыны жайлы шешім қабылдады


Adal партиясының съезі. Көрнекі сурет. Астана, 19 қараша 2020 жыл
Adal партиясының съезі. Көрнекі сурет. Астана, 19 қараша 2020 жыл

Қазақстандағы Adal партиясы қызметін тоқтататыны туралы шешім қабылдады. Бұл туралы 26 желтоқсанда әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған, ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

"Adal партиясы қызметін тоқтатуға құжат тапсырды" деп жазылған ақпаратта.

Азаматтық кодекстің 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 20 желтоқсанда Adal партиясы Amanat партиясымен біріккендіктен жұмысы тоқтаған.

Adal партиясы бұрынғы "Әділет" және "Руханият" партияларының бірігу нәтижесінде 2013 жылғы 26 сәуірде құрылған. 2022 жылдың сәуірінде Amanat партиясы (бұрынғы Nur Otan) құрамына кірген.

Қазір Қазақстанда Amanat, "Ақжол", "Ауыл", "Қазақстан халық партиясы" (бұрынғы Коммунистік халық партиясы), өзін "оппозициямыз" деп атайтын ЖСДП және биыл жаңадан тіркелген "Байтақ" жасылдар партиясы - барлығы алты саяси партия ресми тіркеуде бар. Барлығы да Ақорданың жүргізіп отырған саясатын қолдайды.

Әділет министрлігі биыл 18 партиядан тіркеу жайлы құжат түскенін хабарлаған. Қазір оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин бастаған бастамашыл топ "Алға, Қазақстан" партиясын тіркей алмай жүр. Әділет министрлігі бұл топтың құжатын "заңға сай емес деп" бірнеше рет қайтарып тастаған. Сондай-ақ оппозициялық саясаткер Жанболат Мамай жетекшілік ететін "Демократиялық партия" да тіркеле алмаған. Оппозиция мен құқық қорғаушылары Қазақстан билігі өзіне қолайлы партияны ғана тіркейді деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG