Accessibility links

"Қазселқорғау" мекемесі басшысы Кәрім Көкірекбаев ұсталды деген хабар тарады


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астанадағы ғимараты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астанадағы ғимараты.

"Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің төрағасы Кәрім Көкірекбаев "аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды" деген ақпарат таратты 27 желтоқсанда қазақстандық басылымдар.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (антикор) "Қазселденқорғау" басшысының ұсталғанын растады" деп хабарлады inbusiness.kz сайты.

Ақпаратқа қарағанда, Көкірекбаев, 800 мың доллар көлемінде пара алған деген күдікке ілінген. Көкірекбаевты нақты қай уақытта, қандай жағдайда ұсталғаны белгісіз.

Күдіктінің өзі немесе оның заңды өкілдері әзірге ешқандай реакция білдірген жоқ.

65 жастағы Кәрім Көкірекбаев 2019 жылдың тамыз айынан бері "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесін басқарады. Оның алдында бір жарым жылдай Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі болған.

Ол әр жылдары табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі орынбасары, "Air Kazakhstan Tour" компаниясы бас директоры, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бас инженері, басқарушы директоры, вице-президенті, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі сел, қар көшкіні қаупінің алдын алу, ол жөнінде ескерту және зардаптарын жою, сел қаупінің дәрежесін бағалау жұмысымен айналысады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG