Accessibility links

Кремльшіл каналдар Украинаның шабуылынан "жүздеген" мобилизацияланған әскери қаза болғанын хабарлады


Украина әскеріндегі HIMARS қаруы.
Украина әскеріндегі HIMARS қаруы.

Украинаның Ресей аннексиялаған Донецк облысы Макеевка қалашығындағы әскери казармаға шабуылдан жүздеген ресейлік әскери қаза болуы мүмкін. Казармада мобилизация арқылы әскерге алынған ресейліктер жатқан. Бұл туралы кремльшіл телеграм-каналдар хабарлады. Ал Украинаның стратегиялық коммуникация басқармасы 400 адам қаза болғанын айтады.

Ресейлік дереккөздер шабуыл жаңа жыл түні HIMARS әскери кешені арқылы жасалғанын жазып жатыр. Ал Ресейдің билікшіл әскери каналы "Царьград" жергілікті чаттарда "жүздеген адамның" қазасы туралы жазылғанын хабарлады. "Оперативные сводки" телеграм каналы 500 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат таратты. Соғыс туралы хабар таратып жүрген блогер Борис Рожин телеграмда "1 қаңтар кешкісін үйінді астын әлі тазалап жатыр" деп жазды.

Украинаның стратегиялық коммуникация басқармасы телеграм каналында 400 адам қаза тауып, 300 адам жараланғанын хабарлады.

  • Ресей билігі соғыста қанша адамнан айырылғаны жайлы ақпаратты жарияламай отыр. Қарашада Пентагон Ресей мен Украина соғыста жүз-жүз мың әскериінен (жараланғандар мен қаза тапқандар) айырылды деген.
  • Ресей билігі қыркүйекте мобилизация жариялап, 300 мың адамды әскерге алғанын хабарлаған. Мобилизацияланғандар әскери дайындықсыз майданға жіберіп жатқанын, материалдық жағдай жасалмағанын айтып шағымданған. Журналистер мобилизация арқылы соғысқа аттанғандардың ішінде 430 адам қаза тапқанын анықтаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG