Accessibility links

Ауғанстанда "Әбу Омар" деген атпен танылған "тәжік тәлібі" қаза тапты


Ауғанстанның бірқатар ақпарат құралы Бадахшан провинциясында "Әбу Омар" деген атпен танылған "Талибан" содырының өлтірілгені хабарланды.

"Хашт-е собх" газетінің жазуынша, ол үш күн бұрын Бахорак уезінің Бадахшан провинциясында жоғалып кеткен. Денесі 4 қаңтарда осы елді мекенде табылған. "Әбу Омардың" неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Басылым оның Ауғанстанның солтүстігінде жүріп жатқан соғыс кезінде үкімет әскері мен техникасын жоюда "маңызды рөл" атқарғанын жазады.

"Әбу Омар" Тәжікстанның Хатлон облысында дүниеге келген деп айтылады.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, ол 9 желтоқсанда қайтыс болған.

Қазір ондаған "тәжік тәлібі" Тәжікстанмен шекаралас Бахорак, Шугнан және Нусай ауылдарында тұрып жатыр. Солардың бірі - "Мехди Арсалан" деген лақап аты бар Мухаммад Шарифов. Терроризммен айыпталған "тәжік содыры" тоғыз жыл бойы халықаралық іздеуде жүр. Ауғанстанның солтүстігінде "Талибан" қозғалысының жасағын басқарады.

Желтоқсан айында ауған саясаткері Гульбеддин Хекматиярға Кабулдағы мешіттердің бірінде шабуыл жасалғаннан кейін, мұның артында тәжік азаматтары тұр деген болжам айтылған. Саясаткердің өзі зардап шекпеген, оққағары қаза тапқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG