Accessibility links

АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы 15 рет дауыс берген соң спикер сайлады


АҚШ өкілдер палатасының спикері Кевин Маккарти
АҚШ өкілдер палатасының спикері Кевин Маккарти

АҚШ-та конгрессмендер төрт күн бойы 15 рет дауыс берген соң өкілдер палатасының спикерін сайлай алды. Республикашыл Кевин Маккарти Конгрестің кіші палатасының төрағасы болып сайланды.

Ақпаратқа қарағанда, Калифорниядан шыққан 57 жастағы заң шығарушы орган өкіліне бірқатар шарттармен келісуіне тура келген. Дауыс беру кезеңінің ешқайсысында Маккарти қажетті 218 дауыс ала алмаған.

Соңғы раунд кезінде алты конгрессмен кандидаттардың ешқайсысын қолдамаған, бұл 216 дауыс жинаған Маккартиге спикер болып сайлануына мүмкіндік берген.

Кейінгі жүз жылда өкілдер палатасындағы спикерлер бірінші турда-ақ қажетті дауыс алып, таңдалып келген еді. Спикер таңдалмайынша конгресс мүшелері ант бере алмайды.

Спикер маңызды өкілеттерге ие: ол күн тәртібін белгілеп, заң шығарушы орган өкілдеріне заң жобаларын талқылауды ұсынады, палата атынан Ақ үй және сенат басшыларымен келіссөз жүргізе алады.

Жаңа шақырылымдағы Конгресс депутаттары 3 қаңтарда жұмысына кіріскен. 2022 жылы қарашадағы аралық сайлаудан кейін республикашылдар өкілдер палатасындағы орындардың көбіне (435 орынның 222-ін иеленген) ие болды.

Маккарти спикер-демократ Нэнси Пелосиді алмастырды. Пелоси палатаға 2007 жылдың 4 қаңтарынан бастап 2011 жылдың 3 қаңтарына дейін, 2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 3 қаңтарына дейін жетекшілік еткен.

XS
SM
MD
LG