Accessibility links

Түркіменстанда "Халық мәслихаты" құрылды, оған Гурбангулы Бердімұхамедов жетекшілік етеді


Гурбангулы Бердімұхамедов
Гурбангулы Бердімұхамедов

Түркіменстан тағы да парламентте реформа жасап, бір палаталы парламент жасақтады. Ал осыған дейін парламенттің жоғарғы палатасы болып келген "Халк Маслахаты" (Халық мәслихаты) жеке билік тармағы болып, құрылды.

Мұндай шешім 21 қаңтарда түркімен парламентінің біріккен отырысында қабылданды. Бұл жөнінде елдің мемлекеттік ақпарат агенттіктері хабарлады.

"Халк маслахатына" экс-президент, қазіргі президенттің әкесі Гурбангулы Бердімұхамедов жетекшілік етеді. Оның "ұлт көшбасшысы" деген мәртебесі бар. "Халк маслахаты" атқарушы биліктің жоғарғы органы деп жарияланып, Конституцияны өзгертуге, конституциялық заңдар қабылдауға, ішкі және сыртқы саясатты айқындауға қауқары болмақ.

Түркіменстанда екіпалаталы парламент 2021 жылдың қаңтарында ғана құрылған еді. Шамамен екі жылдан соң қайта реформаланды.

2020 жылы сол кездегі президент Гурбангулы Бердімұхамедов парламенттің жоғарғы палатасын құрып жатып, бұл өзгерістің ақырғы мақсаты түркімен халқының "бақытты өмірі"деп мәлімдеген. Ал былтыр көктемде президенттікті ұлы Сердар Бердімұхамедовке тапсырған соң Гурбангулы Бердімұхамедов парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы қызметіне отырған.

Түркімен саяси шолушысы, сарапшы Кумуш Байриева өзгерістерді "төраға қызметіне көңілі толмаған Гурбангулы Бердімұхамедовтің асқан өзімшілдігінің көрінісі" деп атайды.

"Енді ол рухани "ұлт көшбасшысы" рөлін ойнап, биліктің қалған тармақтарының Халық мәслихатына есеп беретіндігін пайдаланып, оны қатаң бақылауға алғысы келеді" деді ол.

XS
SM
MD
LG