Accessibility links

Мәскеу Латвия елшісінен екі апта ішінде Ресейден кетуді талап етті


Латвияның Ресейдегі елшісі Марис Риекстыньш.
Латвияның Ресейдегі елшісі Марис Риекстыньш.

Ресей СІМ Латвия елшісі екі апта ішінде Мәскеуден кетуге тиіс деп мәлімдеді. Бұл жөнінде 27 қаңтарда Ресей сыртқы істер министрлігіне шақырылған Латвия істері бойынша уақытша сенімді уәкіл Дация Рутка мәлімдеді.

Латвия сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевич 23 қаңтарда "Рига Эстонияға ынтымақтастық білдіріп, Мәскеумен дипломатиялық қатынасты бәсеңдетеді" деп мәлімдеген. Ресейдің Латвиядағы елшісі Михаил Ванин 24 ақпанға дейін Латвиядан кетуі керек.

Ресей жағының 27 қаңтар күнгі мәлімдемесінде Мәскеу Латвияның Балтық елдеріне ынтымақтастық білдіретіні жайлы аргументтерін қабылдамайтынын және Латвия елшісі Марис Риекстыньшті Риганың мерзімді белгілеуін күтпей-ақ қайтаратынын жазған.

Латвия мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынас деңгейі уақытша уәкілдерге дейін төмендетіледі.

Ресей СІМ Эстониямен де дипломатиялық қатынас деңгейін төмендететінін 24 қаңтарда хабарлаған: Эстония елшісі Ресейден 7 ақпанға дейін кетуге тиіс. Дәл сол мерзімге дейін Ресей елшісі де Эстониядан кетуі керек.

Былтыр Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Ресей мен Литва арасындағы дипломатиялық қатынас та нашарлап, сондай деңгейге түсірілген.

XS
SM
MD
LG