Accessibility links

Канада төбесінде белгісіз аппарат атып түсірілді


Канаданың әуе кеңестігінде белгісіз құрылғы атып түсірілді. Цилиндр формалы аппарат 12 шақырым биіктікте көрінген. Канада премьер-министрі Джастин Трюдо объектіні жою туралы бұйрық бергенін мәлімдеп, аппарат азаматтық авиалайнерлердің ұшуына кедергі жасауы мүмкін екенін айтты.

Құрылғыны Аляскадағы Америка-Канада базасына тиесілі АҚШ әскери-әуе күштерінің F-22 истребителі атып түсірген. Канада әскері объект кімге тиесілі екенін анықтау үшін оның қалдықтарын жинамақ.

Бір апта ішінде Солтүстік Американың әуе кеңістігінде осыған ұқсас үш оқиға болды.

  • 4 ақпанда АҚШ Оңтүстік Каролина штатында Қытайға тиесілі аэростатты атып түсірген. Американың түсіндіруінше, ол әскери нысандарға тыңшылық жасау үшін қолданылған болуы мүмкін. Қытай бұл ғылыми мақсатта жіберілген аппарат екенін айтып, АҚШ-тың әрекетін айыптаған.
  • 10 ақпанда Аляска штатында тағы бір аппарат атып түсірілді. Ол қай елге тиесілі екені анықталып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG