Accessibility links

The Guardian: Иран алысқа ұшатын 18 дронын Ресейге құпия түрде берген


Shahed 129, a military drone made in Iran
Shahed 129, a military drone made in Iran

Былтыр қараша айында Иран Ресейге алысқа ұшатын кемі 18 дронын Ресейге құпия түрде берген. Бұл жөнінде The Guardian Ирандағы ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды сатудан және олардың ерекшеліктерінен хабары бар дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.

Газет сөйлескен адамдардың сөзіне қарағанда, Ресей 200 шақырымға дейін дендей ұшатын алты "Мохаджер-6" дронын екі зымыранымен және немістің жаңартылған қозғалтқышы орнатылған 12 "Шаһид-191" және "Шаһид-129" дрондарын берген. Соңғы екеуі бомба тастап, базаға орала алады. Аппараттардың негізгі бөлігі Ресейдің Каспий теңізіндегі катеріне тиелген, қалғаны Иранның мемлекеттік әуе компаниясы арқылы жіберілген.

Олардың сөзінше, Иран дрондарды пайдалануды үйрету үшін Мәскеуге 54 техник маман жіберген. Соңғы аппарат Ресейге 20 қарашада жеткізілген.

Аппараттар жіберілгенге дейін Иранға 10 адамнан тұратын Ресей делегациясы барған. Олар келіп кеткен соң, Иран сыртқы істер министрі Хоссейн Әмір Абдоллахиан Иран Ресейге ұшқышсыз аппараттар бергенін алғаш рет мойындаған. "Делегацияда кімдер болғаны белгісіз" дейді The Guardian.

Алайда Абдоллахиан мойындаған соң төрт күн өте Тегеранға Николай Патрушев бастаған Ресей делегациясы барғаны мәлім. "Ресей қауіпсіздік қызметінің басшысы Патрушев Иран президенті Ибрахим Раиспен кездесуде "қауіпсіздік саласы бойынша Ресей-Иран қатынастарын және басқа да халықаралық проблемаларды талқылады" деп жазды Ресейдің "Коммерсантъ" газеті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG