Accessibility links

БҚО-да Ми-8 тікұшағы сәтсіз қонып, төрт адам қаза тапты, екі адам жараланды


Ми-8 тікұшағы. Бейтарап сурет
Ми-8 тікұшағы. Бейтарап сурет

23 ақпанда БҚО Чапурино елді мекенінен 6 шақырым жерде Ми-8 тікұшағы сәтсіз қонып, төрт адам қаза тапты, екі адам жараланды. Тікұшақта барлығы жеті адам болған. Экипаж "ҚазТрансОйл" компаниясының тапсырысымен құбырларды тексеруге шыққан. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Кейін "Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамы қаза тапқан төрт адам осы мекеме қызметкері екенін хабарлады.

Ақпаратқа сай, төтенше жағдайлар министрлігінің іздеу тобы тікұшаққа жеткен. Комитет "индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көлік жағдайларын тергеу департаментінің қызметкерлері оқиға орнына ұшып шықты"деп мәлімдеді.

Азаматтық авиация комитетінің дерегінше, 2022 жылы шығарылған Ми-8АМТ тікұшағы "Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамына тиесілі болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, тікұшақ сақтандырылған, 2023 жылы қаңтарда техникалық тексеруден өткен.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы Азатыққа зардап шеккен екі адамды қалалық аурухана күтіп отырғанын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG