Accessibility links

Украина билігі Ресеймен келіссөз жүргізу шартын айтты


Украинаның Донбасс аймағындағы Бахмут қаласындағы шайқас. 2023 жылғы наурыз.
Украинаның Донбасс аймағындағы Бахмут қаласындағы шайқас. 2023 жылғы наурыз.

Украина қарымта шабуыл кезінде Қырым шекарасына дейін жетсе, Ресеймен Қырымды қайтару бойынша келіссөз жүргізуге дайын. Бұл туралы Украина президенті кеңсесі басшысының орынбасары Андрей Сибига Financial Times газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

"Егер біз майданда стратегиялық мақсатымызға жетіп, Қырымның әкімшілік шекарасына жетсек, келіссөз парақшасын ашуға дайынбыз. Бірақ біз Қырымды әскери жолмен қайтару ойымыздан да қайтпаймыз" деді ол сұхбатында.

Сибиганың сұхбатынан кейін Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Twitter-де "Ресей әскері Украинаның 1991 жылы халықаралық деңгейде мойындалған аумағынан, соның ішінде Қырымнан толық шықса ғана, келіссөз жүргіземіз. Жеріміздің бір бөлігін беруді және еркіндігімізді саудаға салуды ойламаймыз да" деп жазды.

Украина мен Ресей арасындағы келіссөз 2022 жылы мамырда тоқтаған. Екі ел делегациясы соңғы рет былтыр 29 наурызда Стамбулда кездескен.

Былтыр қазанның басында Зеленский Владимир Путин басқарып тұрған тұста Ресеймен келіссөз жүргізу мүмкін емес деп мәлімдеп, арнайы жарлыққа қол қойған. Оның алдында Мәскеу Украинаның бірнеше аймағын аннексиялап алған еді. Путин бұған дейін Ресей келіссөзге дайын екенін, бірақ аннексияланған аймақтардың тағдырын талқылауға дайын емес екенін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG