Accessibility links

Алматыда мәжіліс депутаттығына кандидат болған Мәдина Көкетаева митинг үшін ұсталды


Белсенді Мәдина Көкетаеваға полициядан келген шақыру қағазы. 14 сәуір, 2023 жыл.
Белсенді Мәдина Көкетаеваға полициядан келген шақыру қағазы. 14 сәуір, 2023 жыл.

Алматыда полиция тағы бір белсенді, мәжіліс депутаттығына кандидат болған Мәдина Көкетаеваны ұстады. Бұл жөнінде белсендінің әріптесі Жібек Әменова хабарлады. Белсендіні Бостандық аудандық полиция басқармасына әкеткен.

– Полицияның шақыру қағазында 14 сәуірде сағат 17.00-де келсін деп жазылған. Бірақ оны одан ерте ұстап әкетті. Әкімшілік іс деп көрсетілгенімен, нақты қай митингіге байланысты екені айтылмаған, – деді Жібек Әменова Азаттыққа.

Бұған дейін Алматыда "Халық парламентінің" мүшелері мен бірқатар белсенді 15 тәулікке қамалып, кейбіріне айыппұл салынған. Олар әділетсіз сайлауға қарсы 9 сәуір күнгі митингіге қатысқан.

Әкімшілік жауапқа тартылғандар арасында Әлнұр Ілияшев, Мұхтар Тайжан, Асылбек Қараев, оралдық журналист, мәжіліс депутаттығына кандидат болған Лұқпан Ахмедияров, астаналық саясаткер Нұржан Әлтаев, қоғам белсендісі, "Халық парламентінің" мүшесі Рысбек Сәрсенбайұлы бар.

11 сәуірде Астанада тұрақты жұмыс талап еткен Жаңаөзен мұнайшыларын арнайы жасақ күш көрсетіп ұстады. Белсенділер бұған наразылық білдіріп, оларды босатуды талап еткеннен кейін өздері де ұстала бастады.

XS
SM
MD
LG