Accessibility links

Каспий құбыр консорциумы қазақстандық мұнайды тией бастағанын хабарлады


Каспий құбыр консорциумы (КҚК) Новороссийскіде терминал арқылы қазақстандық мұнайды тией бастағанын хабарлады.

"14 сәуір Мәскеу уақытымен сағат 7-де (Астана уақытымен сағат 10-да) Теңіз – Новороссийск магистральдық мұнай құбырының сору агрегаттары 72 сағаттық үзілістен кейін мұнайды қайта тией бастады" деп жазылған жұма күні компания таратқан хабарламада.

КҚК-ның хабарлауынша, құбыр желісінде "сору станциясы мен мұнай құбырының жұмысын тоқтатқан кезде ғана" жүзеге асыруға болатын жөндеу жұмысы жүргізілген.

"Теңіз терминалына мұнай қалыпты жағдайда тиеліп жатыр" деп хабарлады компания.

13 сәуірде компания "жоспарлы үзіліске сай" айлақ қондырғысы арқылы мұнай тиеу тоқтатылғанын хабарлаған еді. Кейін Қазақстан энергетика министрлігі мұнай тиеу алдын ала белгіленген кестеге сай тоқтатылды деп мәлімдеген.

Теңіз – Новороссийск құбыр желісінің ұзындығы – 1511 шақырым. Осы бағыт арқылы Қазақстан мұнайының үштен екісі халықаралық нарыққа шығады.

Ресей Украинаға басып кіргелі бері Новороссийскіде қазақстандық мұнайды тиеу бірнеше рет тоқтатылған.

XS
SM
MD
LG