Accessibility links

Зеленский Ресейге қатысы бар географиялық атауларға тыйым салатын заңға қол қойды


Украина президенті Владимир Зеленский географиялық нысандарға Ресейге қатысы бар атау беруге тыйым салатын заңға қол қойды. Құжат жоғарғы рада сайтында жарияланды.

Заң географиялық нысандарға Ресейді "ұлықтайтын, насихаттайтын немесе бейнелейтін" немесе оның айтулы орындарына, тарихи күндері мен оқиғаларына қатысы бар атау беруге тыйым салады. Тыйым "Украина мен өзге мемлекеттерге әскери басқыншылық жасаған" және диссиденттерді қудалаған ресейлік тарихи тұлғалардың есіміне де қатысты.

Заң жобасына берілген түсініктемеде бұл "империалистік отаршылдық мифтерді жойып", "украиндерге өз жеріне толық иелік етуге" көмектеседі деп жазылған.

Ақпаратқа қарағанда, заң жарияланған күннен бастап үш айдан кейін күшіне енеді. Бұдан соң жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен әскери әкімшіліктер жарты жыл ішінде "орыс әлемінің символдарынан" арылуға тиіс.

  • 2022 жылы ақпанда Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Украинада орыс және совет тарихи тұлғалары мен оқиғаларына қатысты топонимдерді өзгерту процесі жылдам жүре бастады.
  • Одессада Ресей императоры ІІ Екатерина мен орыс қолбасшысы Александр Суворовтың, Харьковте ақын Александр Пушкин мен совет маршалы Георгий Жуковтің мүсіндері алып тасталды. Киевте ондаған көшенің атауы өзгерді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG