Accessibility links

CNN: Ресей Киев түбіндегі Patriot кешенін жоюға тырысқан


Дүркіндете ататын Patriot кешені.
Дүркіндете ататын Patriot кешені.

Өткен аптада Киев түбінде атып түсірілген ресейлік гипердыбыстық ракета дүркіндете ататын Patriot кешені орналасқан позицияны жоймақ болған. Бұл жөнінде Американың екі ресми тұлғасына сүйенген СNN телеарнасы хабарлады.

"Кинжал" ракетасын атып түсіру үшін Patriot-тың бірнеше ракетасы қажет болған. Украин әскерінің бірнеше апта бұрын Украинаға жеткізілген америкалық Patriot жүйесін пайдалануы алғаш рет айтылып отыр. CNN-ге сұхбат берген ресми тұлғалар бұл оқиға украин әскери қызметкерлерінің жоғары кәсібилігін көрсетті деп айтқан. Әдетте бұл кешенді пайдалануға бір жыл уақыт кетсе, украин әскері бірнеше айда меңгерген.

Ресейдің электронды аңду жүйелері Patriot-тың алыс қашықтықтағы нысанасын анықтау үшін пайдаланатын қуатты радар сәулесін тапқан болуы мүмкін. Әдетте бұл сәуле жасырылады, алайда нақты жағдайда ол көмектеспегенге ұқсайды, дейді CNN өкілдері.

Украинаға дүркіндете ататын Patriot кешенінің кемінде екі данасы берілген: бірі - АҚШ-тан, екіншісі Германиядан әкелінді. Бұған дейін Украинада Ресейдің гипердыбыстық ракетасын жоятын қаруы болмаған.

XS
SM
MD
LG