Бішкектің Бірінші май аудандық соты Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін қырғыз азаматын 10 жылға соттады.
Тергеудің мәліметінше, ол Украинада Донбасс сепаратистерінің жағында соғысқан.
Үкімде айтылғандай, 30 жастағы айыпталушы Мәскеуде жұмыс істеп жүріп, "Луганск халық республикасының" әскери тобына қосылған. Ол ақшалай сыйақы мен Ресей азаматтығын алғысы келген. Жарты жылдан кейін әскери қызметтен кетіп, Мәскеуге оралған. Ол жақтан отаны Бішкекке қайтып келген.
Айыпталушы сотта тағылған айыпты мойындамады. Ол "ЛХР" аумағында болғанын, соғыс әрекеттеріне қатыспағанын айтқан.
Қырғызстан мен Орталық Азияның басқа да елдері шетелдегі соғыс әрекеттеріне қатысқан азаматтарына қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертіп келеді.
ПІКІРЛЕР