Accessibility links

Шымкентте әйелін "неке түнінде ұрып өлтірді" деп айыпталған ер адам 9 жылға сотталды


Судья Мадияр Әбдірәсілов үкім оқып тұр. Шымкент, 18 мамыр 2023 жыл.
Судья Мадияр Әбдірәсілов үкім оқып тұр. Шымкент, 18 мамыр 2023 жыл.

18 мамыр күні Шымкент қаласының қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелін "неке түнінде ұрып өлтірген" Серік Жанәлиевті кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Жанәлиев Азаттыққа тағылған айыпты мойындамайтынын, үкімге келіспейтінін айтты.

– Серік Жанәлиев Қылмыстық кодекстің 106-бабымен ("денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") кінәлі деп танылсын. Жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтесін, – деді судья Мадияр Әбдірәсілов.

Әбдірәсіловтің сотта түсіндіруінше, 2022 жылғы 26 маусымда Жанәлиев пен Сағида Байменова мұсылманша неке қидырған. Осы күні түнде жанжалдасып, Жанәлиев Байменованың оң жағы мен иегінің астынан екі рет ұрып, абайсызда өлтірген. Мұны сот-медицина сараптамасы дәлелдеген.

Жанәлиев тағылған айыпты мойындамайды.

– Үкімге келіспеймін. Дәлелденген жоқ, – деді ол сотта.

– Қызымды өлтірді. Бес жасар немеремді тас жетім қалдырды. Одан бөлек, айыбын мойындамай отыр. Айта алмаймын, – деді марқұм Сағида Байменованың анасы дауысы дірілдеп.

27 мамырда прокурор соттан Жанәлиевтің бұдан бұрын өзге әйелді ұрып, Қылмыстық кодекстің 107-бабымен ("денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру") сотталғанын, бұл оған сабақ болмағанын, "тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейімдігін" және "қоғамға қауіптілігін ескеріп", 11 жылға соттауды сұраған.

Сотта Жанәлиев пен оның туыстары өздерін фотоға, видеоға түсіруге қарсы болды.

Іс сотқа 2022 жылғы желтоқсанда түскен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG