Accessibility links

Ресей Киевке тағы дрондармен шабуыл жасады


Киев төбесінен прожектордың көмегімен дрон іздеу.
Киев төбесінен прожектордың көмегімен дрон іздеу.

Ресей мамыр басталғалы бері Киевке осымен 11-рет дрондармен шабуыл жасап отыр. Кей мәліметке қарағанда, орыс әскері ирандық "Шахед" дрондарын қолданған. Сенбіге қараған түні анықталған ұшқышсыз аппараттардың барлығы атып түсірілді, ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлады Киев билігі.

Жойылған дрондардың нақты саны анықталып жатыр. Киевте дрондар құлағаннан кейін көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт басталған, жол және көліктер, ғимараттар бүлінген.

Киевтен бөлек сенбіге қараған түні Киев және Чернигов облыстарында әуе дабылы іске қосылған. Жергілікті билік Ресей негізгі нысандарға соққы жасап, Украинаның әуе шабуылына қарсы жүйе ресурстарын түгесіп, халықты "психологиялық күйзеліске" ұшыратуға күш салып жатыр деп санайды.

  • Ресей Украинаға 2022 жылы 24 ақпанда басып кірген. БҰҰ мәліметінше, 2023 жылдың мамырдың ортасына дейін соғыстың салдарынан елде 8 836 бейбіт тұрғын қаза болған, 14 985 адам жараланған. Бұл дерек толық болмауы мүмкін.
XS
SM
MD
LG