Accessibility links

"Не үшін қалдық жинап жүрсің деп сұрайды". Қалдық жинау не үшін керек?


Макулатура қабылдайтын орын.
Макулатура қабылдайтын орын.

Қазақстанда қалдық сұрыптауға жағдай жасалмағанымен, оны сұрыптап жүрген экобелсенділер бар. EcoKundelik-тің екінші эпизодында көпқабатты тұрғын үйде тұратын экобелсенді Ботагөз Садыбекова қалдық сұрыптау тәжірибесін бөліседі.

"Неге қоқыс жинап жүрсің деп сұрайды". Қалдық сұрыптау не үшін керек?
please wait

No media source currently available

0:00 0:19:27 0:00

Қалдық немесе қоқысты сұрыптау дегеніміз – қалдықты тегіне және жарамдылығына қарай жинақтау. Ол өңделетін қоқысты өңделмейтінінен ажыратып, ресурсты үнемдеуге және табиғатты ластамауға көмектеседі.

Мысалы, қалдық жақсы сұрыпталатын Швецияда тағам қалдықтары бөлек жиналып, кейін одан биогаз өндіріледі. Пластик қалдықтар ерітіліп, одан өзге заттар шығарылады. Тек мүлде жарамсызы арнайы фильтрі бар зауыттарда өртеледі.

Қалдық жағатын зауыт. Суретте швед компаниясы Шотландиядан әкелінген қалдықтарды қабылдап жатыр.
Қалдық жағатын зауыт. Суретте швед компаниясы Шотландиядан әкелінген қалдықтарды қабылдап жатыр.

Ал Қазақстанда көп жағдайда қалдықтар сұрыпталмай, полигонға жіберіледі. Статистика бойынша, елдегі қалдықтардың тек 15 пайызға жуығы өңделеді.

Елде макулатура, әйнек, бөтелке, пластиктің кейбір түрлерін өткізуге болады. Олардың түрлері мен орнын EcoCity сияқты қосымшалар арқылы табуға болады. Алайда қабылданбайтын қалдық түрлері әлі де көп. Мысалы, тетрапакет Қазақстанда өңделмейді, сондықтан олар полигонға жіберіліп жатыр. Сол сияқты аралас пластик, поливинилхлорид, полистирол өңделмейді.

Алматы облысындағы қоқыс полигондарының бірі.
Алматы облысындағы қоқыс полигондарының бірі.

Ұлыбритания мен Ресейде экология курстарынан өткен белсенді Ботагөз Садыбекова Қазақстанда қалдық сұрыптау оңай шаруа емес, бірақ оған біртіндеп үйренуге болады деп есептейді. Оның айтуынша, ең әуелі қалдық қандай материалдан жасалғанын анықтауға көмектесетін маркировканы білу қажет. Экобелсендінің айтуынша, Қазақстанда пластик өнімдердің бар-жоғы жеті түрлі маркировкасы бар. Қалдық сұрыптағысы келген адам соған мән бергені жөн.

Ecocity тегін қосымшасындағы мәліметке қарағанда, қалада қалдық жинайтын компаниялар макулатура мен картонның келісін 10 теңгеден, пластик пен целлофанның келісін 15 теңгеден алады.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG