Accessibility links

Зерттеу: Шойгудың ұлы мобилизация басталардан бірнеше күн бұрын Ресейден кетіп қалған


Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу.
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу.

Алексей Навальныйдың командасы Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың некесіз туған ұлы, 22 жастағы Данила Шебунов туралы зерттеу жариялады. Онда министрдің ұлы Мәскеу орталығындағы екі кеңсені жалға беруден "миллион рубль" пайда табатыны жазылған.

Зерттеу авторларының жазуынша, Шойгудың ұлы былтыр қыркүйекте Владимир Путин мобилизация жарияламай тұрып бірнеше күн бұрын Ресейден Түркияға кетіп қалған.

Қазіргі кезде Шебунов "музыка саласында карьерасын жасап жүр" деп айтылады. Ол Sheba деген лақап атпен ағылшынша әндер жазып, клип түсіреді. Зерттеу авторларының мәліметінше, Шебуновтың видеосы "ондаған мың қаралым жинаған". Десе де, оның YouTube-арнасының 700-ден астам ғана жазылушысы бар. Клиптері 250 мың рет қаралған.

  • Бірқатар ақпарат құралдарының жазуынша, Данила Шебуновтың анасы – төтенше жағдайлар министрлігінің ұшқыштар отрядының бұрынғы стюардессасы Елена Шебунова. 2019 жылы The Insider зерттеу жариялап, Шебуновтың анасы төтенше жағдайлар және қорғаныс министрліктерінің келісімшарттарынан миллиард рубль табыс тапқанын жазған. Шойгудың одан үш баласы бар деп айтылады. Барлығы Рублевкадағы "Президент" элита мектебіне барған. Онда оқу бағасы жылына 2 млн рубль тұрады.
  • Ресей қорғаныс министрінің некесіз туған ұлы бары жайлы ақпаратқа ресейлік сайттар да, Сергей Шойгудың өзі де түсініктеме бермеді. Қорғаныс министрі ресми түрде Ирина Шойгуға үйленген. Олардың екі қызы бар: төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты жедел психологиялық көмек беру орталығының директоры Юлия және Ресей триатлон федерациясының жетекшісі Ксения.
  • Бірнеше жыл бұрын Елена Шебунова Литва азаматы Адолфас Каминскасқа күйеуге шығып, оның тегіне өткен. 2022 жылы Литва билігі оны "ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін" деген себеппен ықтиярхаттан айырған.
XS
SM
MD
LG