Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр Ресей әскері Украина әскерінің Херсон облысындағы шабуылына жол бермеу үшін Каховка СЭС-ін жарған деп хабарлады.
Малярдың мәліметінше, Ресей резервтерін Бахмут пен Запорожьеге ауыстыруды көздеп отыр. "Ресей әскерінің ұрыс қабілеті тәуір теңіз жаяу әскері мен әуе десанты күштерін Херсон облысынан ауыстыру басталды" деп жазды қорғаныс министрінің орынбасары телеграм-арнасына.
Мәскеу Малярдың хабарына пікір білдірген жоқ.
Ресей Каховка СЭС-і жарылғанын Украина диверсиясынан көреді, бірақ дәлел келтірген емес.
- Украина қорғаныс министрлігінің бас штабы кейінгі айларда дайындығы жүріп жатқан қарымта шабуыл қашан басталатынын хабарламаған.
- Ресей қорғаныс министрлігі мен блогерлері ұрыс кезінде талқандалған танкілердің фотолары мен видеоларын жариялап жатыр. Украина әскері Запорожье облысында техникаларынан айырылып жатқанын растаған АҚШ-тың зерттеу институты "бірақ бұл шабуыл нәтижелі немесе нәтижесіз дегенді білдірмейді" деп есептейді.
- Запорожье облысындағы жағдайға байланысты ақпарат таратпаған Украина әскери қызметкерлері Бахмут түбіндегі шабуыл нәтижелі болып жатқанын мәлімдеген.
ПІКІРЛЕР