Жексенбі күні Өзбекстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтті. Кешкі сағат 17:00-де сайлаушылардың 69,85% пайызы, яғни 19,27 миллион сайлаушының 13,459 миллионы дауыс берген. Бұл ақпаратты Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясы жариялады деп хабарлады Азаттық радиосының Өзбек редакциясы.
Президенттікке кандидат ретінде қазіргі іс басындағы президент Шавкат Мирзияев пен шартты оппозициялық үш партиядан үш кандидат ұсынылған.
Жизақ облысындағы сайлаушылардың 75,5%-ы, Әндіжан облысының 74,83%-ы дауыс берген. Ташкенттің 63,35%, Хорезм облысындағы дауыс берушілердің 64,16%-ы дауыс беруге келген.
Биыл 30 сәуірде Өзбестан конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген соң мерзімінен бұрын президент сайлауы өтетіні хабарланған. Бұл конституция бойынша, президент өкілеті бұрынғыдай бес жыл емес, жеті жыл болады.
Сондықтан 2016 жылдан бері Өзбекстан президенті болып келе жатқан Шавкат Мирзияевтің бұрынғы мерзімдері жоққа шығарылып, оған қайтадан екі мерзім президенттікке түсуге (2037 жылға дейін) құқық беріледі. Жаңа конституцияда президент өкілеті күшейген.
ПІКІРЛЕР