Accessibility links

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов терроризмді қаржыландырушылар тізіміне қосылған


ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов
ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қаржы мониторингі агентігі жасайтын "Терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысы бар ұйымдар мен жеке тұлғалар" тізіміне қосылған. Агенттік мәліметіне қарағанда, Мәсімов базаға биыл 1 шілдеде кірген.

Тізімде Мәсімовтен өзге оның бұрынғы екі орынбасары Әнуар Садықов пен Дәулет Ерғожин де тұр. Үшеуін де Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған соты 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы бойынша көп жылға соттаған.

Мәсімов "мемлекетке опасыздық жасады", "билікті күшпен басып алмақ болды", "қызмет лауазымын асыра пайдаланды" деген айыппен 18 жылға, Әнуар Садықұлов 16 жылға, Дәулет Ерғожин 15 жылға сотталған. Олармен бірге Мәсімовтің тағы бір орынбасары Марат Әсіпов те жауапқа тартылған. Оған "лауазымын асыра пайдаланды" деген айыппен үш жыл кескен.

Кәрім Мәсімов Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серіктерінің бірі саналды. Қаңтар оқиғасы қызып тұрған шақта қамауға алынды.

Қаржы мониторингі агенттігі экстремистік немесе террористік сипаттағы қылмыс жасап, сот үкімі шыққан адамдарды террроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысы бар ұйымдар мен жеке тұлғалар тізіміне қосады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG