Accessibility links

Ресейде "мемлекетке опасыздық жасау", "тыңшылық ету" туралы баппен айыптау көбейгеніне БҰҰ алаңдады


"Тыңшылық етті" деген Ресейде қамауға алынған Wall Streett Journal тілшісі Эван Гершкович
"Тыңшылық етті" деген Ресейде қамауға алынған Wall Streett Journal тілшісі Эван Гершкович

Біріккен ұлттар ұйымының сарапшылары биыл Ресейде "мемлекетке опасыздық жасады", "тыңшылық етті" деген айыптаумен қылмыстық істің күрт көбейгенін атап өтті. Былтыр осындай баптармен 24 іс қозғалып, 16-сы сотталса, 2023 жылдың алғашқы 6 айында 43 адам күдікке ілінген.

Ресейдегі адам құқығы бойынша БҰҰ-да арнаулы баяндама жасаған Мариана Кацарова мен сөз еркіндігі бойынша БҰҰ-да арнаулы баяндамасын оқыған Amnesty International ұйымының бұрынғы жетекшісі Айрин Хан осындай мәліметтер келтірген.

БҰҰ аталған баптар бойынша істердің жиілегеніне алаңдайды. "Айыптың ауырлығы мен ондай істерге қоғамдық бақылаудың күрделілігі - мұның қауіпті құрал екенін көрсетеді", - дейді құқық қорғаушылар.

Осыған байланысты олар Ресей тыңшы деп айыптаған Америка журналисі Эван Гершкович ісін мысал ретіне көрсеткен. Ресей федералды қауіпсіздік қызметі Гершковичті "мемлекеттік құпиясы бар әскери-өндірістік кешен жөнінде мәлімет жинаған" деп санайды.

"АҚШ елшісінің көптеген өтінішіне қарамастан бүгінде Гершковичке Американың консулы екі-ақ рет кіре алған" дейді БҰҰ. Журналист 20 жылға бостандығынан айырылуы мүмкін.

БҰҰ Wall Streett Journal тілшісі Эван Гершковичтің қамуға алынғаны "Осыдан 17 ай бұрын Ресей украинаға жаппай басып кірген соң ой мен сөз еркіндігіне, тәуелсіз журналисткаға қатыгездікпен шектеу салып отырғандығының белгісі" деп санайды. Құқық қорғаушылар мәлімдемесінде Ресей билігіне Америка журналисін дереу босату жөнінде үндеу тастаған.

  • Ашық мәліметтерге қарағанда, "мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша Ресейде наурыз айында ғана 9 іс қозғалған.
  • 2023 жылы Украина қарулы күштеріне көмекке ақша аударғандарды "мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша айыпталып жатқаны туралы ақпарат шыққан.
  • Сәуірде Ресей думасы Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізіп, мемлекетке опасыздық жасағандарды өмір бойына қамайтын еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG