Accessibility links

Алматыда көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен бір әйел қаза болды


Алматының Алатау ауданы Ақкент шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйде болған өрттен бір әйел қаза болды. Өрттен 43 адам зардап шеккен, олардың көбі — бала. Бұл жөнінде Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, бір әйел алған жарақаттарынан қайтыс болған. Бірақ департамент оның қандай жағдайда жарақат алғанын айтпады. Дегенмен интернетте жарияланған оқиға орнынан түсірілген видеоларда кейбір тұрғындардың жерге қарай секіргені көрінеді.

Төрт бала реанимацияда бөлімінде, тағы төрт бала медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілген, үш баланың ата-анасы балаларын ауруханаға жатқызудан бас тартқан. 12 ересек науқас қалалық стационарларға жеткізілген, оның ішінде бес адам ауруханаға жатқызылды, қалғандары шұғыл медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілген.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі 43 адамның зардап шеккенін хабарлаған. 1 тамызда Алматы қаласындағы Ақкент шағын ауданындағы 16 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Құтқарушылар тұрғын үйдегі лифт шахтасында электр кабельдері жанып жатқанын анықтаған. Сағат 19:00-ге таман ТЖД өрт сөндірілгенін хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG