Қырым түбегін құрлықпен жалғап тұрғын Чонгарск және Геническ көпіріне жасаған зымыран соққылары - Украина қарулы күштерінің алдағы шабуылының бір бөлігі. Бұл жөнінде Американың соғысты зерттеу институты мәлімдеді.
Зымыран соққысы 6 тамызда Ресей әскерін жабдықтап тұрған екі актокөлік көпіріне жасалған. Соққы салдарынан Ресей күштері тасымалды шығыстағы қысқа бағыттан батыстағы ұзақ бағытқа ауыстырған. Бұл жағдай тасымал қиындығын туғызуы мүмкін.
Ресей дереккөздері Украина әскері Ұлыбритания мен Франция берген Storm Shadow қанатты зымырандарын пайдаланған деп санайды. ISW бұл зымырандарды Ресей әуе қорғанысы жүйесінің байқағанын растайтын ақпарат әзірге алған жоқ.
Чонгарск көпірі мен Украина әскері 29 шілдеді соққы берген Чонгарск көпірінің теміржолы қаншалық тез жөнделері белгісіз.
Геническ көпірін қалпына келтіруге бірталай уақыт кетуі мүмкін деп санайды соғысты зерттеу институты.
Украина қарулы күштері 2022 жылы Херсондағы қарсы шабуылдағыдай Украинаның оңтүстігіндегі Ресей әскерінің жолын кескісі келетіні байқалады дейді сарапшылар.
ПІКІРЛЕР