Түркияның Деринже портындағы элеваторда кемеге астық тиеу кезінде жарылыс болған. Бұл жөнінде CNN Turk хабарлады. Қазірге дейінгі мәліметке қарағанда, 13 адам зардап шеккен.
Жер өнімдері басқармасының бастығы Ахмет Гюльдал жарылысқа астық шаңының детонация себеп болды деп мәлімдеді. Ходжелі провинциясы билігінің мәліметіне қарағанда, порттағы 16 элеватордың 13-і зақымданған.
"Қатты гүріл шығып, жер сілкінді, содан соң жарылыс болғанын білдік. Жарылыс радиусы 25 метрге жетті. Астықты экскаватормен тиеп-түсіреді, сондықтан астында адам қалды ма, жоқ па тексеріледі",- деді Деринже қаласының мэрі Зеки Айгюн.
ПІКІРЛЕР