Accessibility links

"Медуза": "Яндекс" таксиі шетелдік клиенттердің дерегін Ресейде сақтайды


"Яндекс" компаниясы такси қызметін пайдаланатын шетелдік клиенттерінің деректерін Ресейдегі серверде сақтайды. Мұны "Яндекс" қызметкерлерінің жұмыс барысындағы хаттарын қолға түсірген "Медуза" сайты байқап қалған.

"Медузаның" жазуынша, "Яндекс Go" қызметкерлері бір жыл бұрын клиенттердің өтініші бойынша басшылықтан шетелдегі такси қолданушылардың дерегі қайда сақталатынын сұраған.

Басшылық жұмысшыларға жолаушылардың бүкіл дерегі Ресейде сақталатынын айтып, жауап берген. "Яндекстің" сервері Мәскеу, Рязань, Владимир, Калуж облыстарында тұр.

"Яндекс" таксиі қазір 20 елде, соның ішінде Қазақстан, Израиль, Норвегия, Финляндия, Беларусь, Армения және Грузияда жұмыс істейді.

"Медузаның" ақпаратынан кейін Қазақстанда Яндекс Go қызметін ұсынатын "Яндекс.Такси Корп" компаниясы қазақстандық қолданушылардың жеке деректерімен Қазақстан заңдарына сай жұмыс істейміз деп мәлімдеді.

"Қазақстандағы деректерды шетелді құзырлы органдары (соның ішінде Ресей де) халықаралық процедурада көрсетілген ресми жолдармен ғана сұрай алады" дейді компанияның Қазақстандағы өкілдігі.

"Медузаның" ақпаратынан соң Финляндияның деректерді қорғау бойынша омбудсмені клиенттердің деректерін "Яндекске" беруді тоқтататын қаулыға қол қойды.

1 қыркүйектен бастап Ресей ФСБ-сы "Яндекс" жинайтын барлық ақпаратқа, соның ішінде клиенттің аты-жөніне, геолокациясына, телефон нөмеріне, банк деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік алған. Бұл қаулыға Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин қол қойды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG