Accessibility links

"Мемлекетке опасыздық жасаған" Украина қауіпсіздік қызметінің генералы Шайтанов 12 жылға сотталды


UKRAINE - Valeriy Shaytanov
UKRAINE - Valeriy Shaytanov

14 тамызда Киев соты Украина қауіпсіздік қызметінің арнаулы операцияларға арналған "А" орталығы бастығының бұрынғы бірінші орынбасары, генерал-майор Валерий Шайтановты 12 жылға бостандығынан айырды. Оған "мемлекетке опасыздық етті", "теракт жасамақ болды", "заңсыз қару-жарақ пен жарылғаш заттар сақтады" дейтін айып тағылған.

Шайтанов 2014 жылы Киевтегі Майдан оқиғасы кезінде кәсіподақтар үйінен шерушілерді күштеп шығарған шабуылдаушы жасаққа жетекшілік еткен. Украинада билік ауысқан соң Ресей арнаулы қызметімен байланысқан. "Шайтанов мемлекеттік құпия ақпараттарды жинап, Ресейге берді" деген айыптаумен сот келіскен.

Айыптау мәліметтеріне қарағанда, генерал Шайтанов Ресей федералды қауіпсіздік қызметінің "Бобыль" деген лақап атын алған тыңшы болған, оған Украина қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкерлері арасынан теракт жасай алатын адам табу міндеттелген.

Украина бас прокуратурасы офисінің хабарына қарағанда, теракт арқылы 2015 жылдан Украина шығысында "Жохар Дудаев атындағы халықаралық бітімгер батальонын басқарған Ичкерия Шешен республикасы қарулы күштерінің майорын" өлтіруді көздеген. Қылмыстық істе майордың аты-жөні аталмаған, бірақ оның Украинаны қолдап, Донбаста соғысқа шешен командирі Адам Осмаев екені аңғарылған.

2017 жылы Украинада Осмаевқа екі рет қастандық жасалған. 2017 жылы маусымда Киевте ауыр жараланғаны, Санкт-Петербургтен келген қылмыстық топтың мүшесі Артур Курмакаев атқаны мәлім болған. 2017 жылы күзде мәшинесіне атылған оқтан Осмаевтың өзі жараланып, әйелі Әмина Окуева өлген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG