Улан-Удэ соты "Еркін Бурятия" қорының негізін қалаушы, ресейлік журналист Александра Гармажаповаға қозғалған армия жөнінде "фейк" тарату бойынша істі сырттай қарайды. Іс материалдары сотқа түскен. Бұл жөнінде "Медиазона" жазды.
Алғашқы сот отырысының мерзімі әзірге белгіленген жоқ, істің жай-жапсары жөнінде айтылмайды. 2023 жылы ақпанда Гармажаповаға федералдық іздеу жарияланған.
"Еркін Бурятия" қоры Ресейдің Украинамен соғыс ашуын сынап, Бурятиядан шыққан әскери қызмекерлерлерге құқықтарын қорғауға көмектеседі. Қор сонымен қатар деколонизацияны (орталықтанған биліктің болмауы және Ресейде тұратын халықтардың құқықтарын қамтамасыз ету) да қолдайды.
2022 жылы күзде Александра Гармажапова "шетел агенттері" реестріне енгізілген. Бұған дейін Роскомнадзор "Еркін Бурятия" сайтын жапқан.
Былтыр қыркүйекте Астанада полиция "Ресей армиясының беделіне нұқсан келтіру" ісі бойынша іздеу жарияланған бурят журналисі Евгения Балтатарованы ұстап, босатқан.