Ресей қорғаныс министрлігі 21 шілде таңертең Мәскеу түбінде дрондарды құлаттық деп мәлімдеді.
Ведомство Мәскеу облысының аумағында "ракетаға қарсы құралдар ұшаққа ұқсас дрон аппараттарды анықтағанын, дрондар Рузский ауданындағы Покровское елдімекенінің маңына құлағанын" айтады.
Ресей қорғаныс министрлігі зардап шеккендер жоқ деп отыр. Покровское елдімекені Мәскеуден 65 шақырым жерде жатыр.
Араға жарты сағат салып Ресей қорғаныс министрлігі Мәскеу түбінде тағы бір дрон құлаттық деп мәлімдеді. Ведомство дрон Мәскеу облысы Истринское ауданының аумағында құлатылды деп отыр. Истринское ауданы Рузский ауданынан қарағанда Мәскеуге жақын орналасқан. Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев дрон құлағанда Истринское ауданында екі адам зардап шекті дейді.
Ресейлік ТАСС ақпарат агенттігі Мәскеудегі Внуково және Домодедово әуежайларында ұшақ ұшыруға және ұшақ қондыруға шектеу қойылғанын хабарлады. Шереметьево әуежайында да бірнеше ұшақтың ұшуы кейінге шегеріліп, бірнеше рейс басқа әуежайға жіберілгені айтылады.
"База" телеграм каналының жазуынша, Мәскеу әуежайларында "Ковёр" режимі жарияланған. Бұл режим кезінде әскери және құтқару ұшақтары мен тікұшақтарынан басқасы жерге тез қонуы тиіс не режим жарияланған аймақтан кетуі керек. Мәскеу уақытымен 8:30-да барлық шектеу алынғаны хабарланды. Кейін Росавиация Мәскеуге жасалған дрон шабуылына байланысты 90-нан аса жолаушылар ұшағының ұшуы кейінге шегерілген не басқа әуежайларға жіберілген.
Кейінгі уақытта Мәскеу қаласына дрондар шабуылы жиілеген. Ресей бұған Украинаны айыптайды.
ПІКІРЛЕР