Accessibility links

Қырғызстан Қазақстанмен шекарадағы тағы бір өткізу бекетінде көлік кезегі пайда болғанын хабарлады


Қырғыз-қазақ шекарасындағы "Кен-Булун" өткізу бекеті.
Қырғыз-қазақ шекарасындағы "Кен-Булун" өткізу бекеті.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі 23 тамызда қазақ-қырғыз шекарасындағы "Кен-Булун" тексеру-өткізу пунктінде жүк көліктерінің кезегі пайда боланын хабарлады.

Қырғыз тарабының хабарлауынша, "Кен-Булунда" - 146 көлік, ал "Ақ-Тілек" өткізу бекетінде 493 көлік тұр. Қырғызстанның шекара қызметі кеше, 22 тамызда Қазақстанға 112 көлік кіргенін айтады.

22 тамызда Қырғызстан шекара қызметі "Ақ-Тілек" өткізу бекетінде 370 көлік өте алмай түрғанын, таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін Қазақстан тарабы тек үш машинаны өткізгенін хабарлаған еді. Ал көлік жүргізушілері 22 тамыз күндіз мұнда 500-ден аса машина кезекте тұрғанын, Қазақстан тарабы 5-6 көлікті ғана өткізгенін жеткізген.

Қырғызстан шекарашыларының өкілдерінің хабарлауынша, Қазақстан мен Қырғызстан шекара қызметкерлерінің кездесуінде қазақ тарабы шекарада ешқандай шектеу жоғын айтқан.

22 тамызда ҰҚК-ның шекара қызметі қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктерінің кептелісі көбейген тұста мәлімдеме жасап, шекара маңында ешқандай шектеу енгізілген жоқ деген. Қазақстанның шекара қызметі шекара маңында және өткізу бекеттерінде заңға қайшы әрекеттерді болдырмас үшін кешенді шара жүріп жатқанын айтқан.

Қазақстан қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "есірткілерді тексеру бойынша операция аясында шекара қызметі мен ҰҚК қатаң тексеріс жүргізіп жатқанын" мәлімдеді.

"Ақ-Тілек" шекара бекетінде көлік кезегі 20 тамызда пайда болған.

 Қазақ-қырғыз шекарасында көліктер кептеліп тұр
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:12 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG