Астана қаласы кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Жанабаев 26 тамызда Астанадағы көрмеде "тәжік фермерлерінің өздері пирамидаға шығып, жемістерді халыққа алып берді" деді.
"Пирамидаға шығып, жемістарді алған Тәжікстаннан келген қонақтарымыздың өздері, олар жемістерді алып халыққа берді. Тәжік фермерлері жұрт пирамидаға өздері шығып, халыққа таратты. Бұл қауіпсіздік үшін жасалған" деді Жанабаев 28 тамыздағы брифингте.
Жанабаевтың сөзін ҚазТАГ агенттігі жариялады.
26 тамызда Астанадағы тәжік шаруаларының көрмесінде қойылған жемістерді халық талап әкеткен еді. Интернетте тараған видеоның бірінде адамдар жемістерді таптап қарбыздарды алып жатқаны, тағы бір видеода адамдар пирамидаға ілінген жүзімдерді шешіп жатқаны байқалған. Тағы бір видеода адамдар көрмеде ілінген тәрелкелерді шешіп жатқаны көрінген. Желі қолданушылары халықтың жеміске таласын, ыдыстарды әкеткенін сынға алған.
"Осы жемістерді алып келген тәжік достарымыздың өзі жемісті халық алса деді, себебі күннің астында жатып шіріп кетуі мүмкін. Қазір бізге Тәжікстаннан қарбыз келмейді, себебі ол жақтан қарбыз әкелу қымбат. Ал біздің халық Тәжікстанның тәтті қарбызы мен қауынынан дәм татқысы келді. Шынымен, тәжік қарбызы мен қауыны тәтті, өзім де дәм таттым. Сондықтан адамдар тәжік достарымыздың жемісін жегісі келді" деді Жанабаев.
Астанадағы тәжік шаруаларының көрмесі Тәжікстан президент Эмомали Рахмонның сапары аясында өткен.
ПІКІРЛЕР